KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888324
2019 жылы:  22039
бүгiн:  1
қазiр:  46
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

06.06.2011

   ҚР Ұлттық кітапханасында 6-24 маусым аралығында  шығыс қолжазбалары мен кітаптарын қалпына келтіру және түптеу жөніндегі тәжірибелік семинар өткізіледі. Семинар ЮНЕСКО-ның Кластерлік Бюросының қолдауымен жүзеге асырылады.

   Семинардың мақсаты – шығыс қолжазбалары мен кітаптарын қалпына келтіру және түптеу жөнінде тәжірибе жинақтау, қалпына келтіруші мамандардың  кәсіби біліктілігін көтеру. Тәжірибелік семинарды Францияның Ұлттық кітапханасының Консервация департаментінің қалпына келтіру жөніндегі сарапшысы, графикалық құжаттарды қалпына келтіруші Тьерри Обри жүргізеді. Тьерри Обри  – үйретуші бағадрламаларды  өткізуде, мәдени мұраны сақтау және қалпына келтіру жөніндегі мамандарды даярлауда, кітапты сақтау үшін былғары мен жапон қағазын қолдану, қағаздың қышқылданбау процестері жөнінде зерттеу жұмыстарын жүргізуде, сонымен қатар, қалпына келтіру материалдары мен жабдықтар нарығын зерттеуде үлкен жұмыс тәжірибесін жинақтаған маман.
   Семинарға ҚР Ұлттық кітапханасы, Облыстық әмбебап ғылыми кітапханалар, ҚР Орталық мемлекеттік мұражайы мен ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатының мамандары қатысады.

   Анықтама телефондары: 267-28-86, 267-31-82, 272-06-19.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование