KZ     RU     ENG
Жексебі, 06 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15067523
2019 жылы:  133058
бүгiн:  1
қазiр:  26
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

07.06.2011

   2011 жылдың 7 маусымында сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында белгілі қазақстандық жазушы Д.Нақыповқа арналған  «Дүйсенбек Нақыповтың шығармашылығының Қазақстанның қазіргі әдебиетімен сабақтастығы» атты дөңгелек үстел  және оның «Сирень на закате» өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті.

   Дүйсенбек Нақыпов – ақын, хореограф-либреттист, сценарист. 1964 жылы Мәскеу академиялық хореография училищесін, 1985 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетін  тәмәмдаған. 1964-1986 ж. Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі, 1987-1991 ж.  Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясының «Әлем» шығармашылық бірлестігінің редакторы қызметтерін атқарған. Қазақстан хореографтары Одағының төрағасы. Бірнеше интернационалдық мәдени және гуманитарлық бағдарламалардың ұйымдастырушысы.

   Алғашқы өлеңдер жинағы «Вечер века» 1995 жылы жарық көрді. «Круг пепла» (2006 ж.) және «Тень ветра» (2009 ж.) атты екі романнан тұратын дилогияның авторы. Сонымен бірге, бірнеше өлеңдер жинағының,  соның ішінде көпшілікке танымал болған «Песни моллюски» (2000 ж.) кітабының авторы. Д.Нақыповтың шығармашылығын Анатолий Ким, Шыңғыс Айтматов, Герольд Бельгер сынды сөз шеберлері жоғары бағалаған.

   Іс-шараның аясында оқырман қауымның назарына ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ақын, жазушы Д.Нақыповтың шығармашылығына арналған «Жаңа мыңжылдықтың ақыны мен прозашысы» атты кітап көрмесі ұсынылды.  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование