KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888292
2019 жылы:  22007
бүгiн:  1
қазiр:  56
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.06.2011

   2011 жылы 14 маусымда  Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Геральдика тілі – бейбітшілік сүйгіш қазақтың болмысы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторларының бірі – ҚР-ның еңбек сіңірген архитекторы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері  Шота Уәлиханов қатысты. 

   Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойының аясында өткізілді.

    Дөңгелек үстелді белгілі мәдениет қайраткері, театртанушы Әшірбек Сығай жүргізді.

   1992 жылғы 4 маусым  Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің  туған күні ретінде  қазақ халқының тарихында мәңгілікке сақталып қалады.

    Әрбір мемлекеттің маңызды атрибуттары оның рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Әнұраны болып табылады. Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ мемлекетінің алдында рәміздерді жасау міндеті тұрды.

   1992 жылы еліміздің мемлекеттік рәміздерінің жобасын жасауға  байқау жарияланды. Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік туының жобасын жасауға Қазақстаннан, ТМД елдерінен, Түркиядан, Монғолиядан және Германиядан 1200 суретші қатысып, жобаны жасауды белгілі қазақстандық суретші Шәкен Ниязбеков ұтып алды. Мемлекеттік Елтаңбаның жобасын жасауға байқаудың ақтық сынында 245 жобалар,  67 болашақ елтаңбаның бейнелері қатыстырылып, оны Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшілері Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібековтар ұтып алды. Оларды отансүйгіштік сезімі алға жетеледі.

   Дөңгелек үстел аясында оқырман назарына ҚР Ұлттық кітапханасының кітап қорынан ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» атты кітап көрмесі ұсынылды.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование