KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888380
2019 жылы:  22095
бүгiн:  1
қазiр:  38
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.06.2011

   2011 жылы 21 маусымда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында көрнекті жазушы, драматург, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткері Софы Сматаевтың 70  жасқа толуына арналған дөңгелек үстел өтті.

   Қазақстанның Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп ұйымдастырып отырған бұл шара еліміздің Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып отыр.

   Дөңгелек үстелді Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма  төрағасының орынбасары Берік Шаханұлы жүргізді. Сонымен қатар, публицист Сарбас Ақтаев, белгілі ақын Мұхтар Шаханов, Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов, филология ғылымдарының докторы, профессор Жаңғара Дәдебаев, ақын Рафаэль Ниязбеков, белгілі қаламгерлер, Тәшімбай Ғазизбек, Ерлан Жүніс, т.б. шығармашылық адамдары қатысып, сөз алды.

  Іс-шараның аясында оқырман қауымның назарына ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан жазушы С.Сматаевтың шығармашылығына арналған «Елім-ай» деген ер» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеде ақынның алғашқы кітабы – «Астана оттары» атты өлеңдер мен балладалар жинағы, негізгі прозалық кітаптары – «Елім-ай» роман-трилогиясы, «Ақжелең», «Бұлақ», «Мәңгілік бастауыш», «Біз құлмыз ба, кімбіз?» романдары, «Алау», «Алғашқы асу», «Қайран жастық»  повесть, әңгімелер жинақтары, шығармаларының он жеті томдық жинағы және т.б. әдебиеттер қойылған.

   Софы Қалыбекұлы Сматаев – Қазақстан Республикасының «Құрмет»,  «Парасат» ордендерінің иегері. Жезқазған, Балқаш қалалары, Қарағанды облысының Ағадыр, Қарқаралы, Шет аудандарының Құрметті азаматы.  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование