KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888229
2019 жылы:  21944
бүгiн:  1
қазiр:  6
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.06.2011

    2011 жылы 24 маусымда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Мемлекеттік тілге – құрмет» бірлестігінің төрайымы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан Республикасының «Достық» және «Парасат» ордендерінің иегері, филология ғылымдарының кандидаты, қазақ тілінің нағыз жанашыры Асылы Әлиқызы Османның жаңа туындысы – «Тіл тәуелсіздігі – ел болашағы» атты кітабының және ҚР Ұлттық кітапханасы дайындаған «Асылы Осман»  атты библиографиялық көрсеткішінің тұсаукесері  өтті.

   Тұсаукесерді Алматы қаласының Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы Ахетов Мамай Қаниұлы жүргізді. Тұсаукесер рәсімінде академик Ш.Сарыбаев, профессор М.Мырзахметов, профессор П.Момынов, жазушы, Алматы қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Э.Төреханов және т.б. қатысып сөз сөйледі.

   Асылы Әлиқызы Осман қазақ тілінің жай жанашыры ғана емес, мемлекеттік тілдің мәртебесіне немқұрайлы қарайтын өзге ұлт өкілдеріне өз ісімен үлгі болып жүрген қайраткер-тұлға.

   Асылы Османның оқырманға ұсынып отырған жинағында әр жылдары жарық көрген ғылыми және көпшілік мақалалары мен сұхбаттарының, хаттарының таңдаулылары іріктеліп берілген.  Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап шығарылған кітапта автордың дер кезінде көтере білген өзекті тіл мәселелері мен ұсыныстары қамтылған. Бұл еңбек – кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге боларлық құнды дүние.

  Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы дайындаған қоғам қайраткері Асылы Османның өмірі мен шығармашылығына арналған библиографиялық көрсеткіш 1972 жылдан 2011 жылдың наурыз айына дейін жарияланған қазақ және орыс тіліндегі әдебиеттердің библиографиясын қамтиды. Көрсеткіш ғылыми қызметкерлерге, тіл мамандарына, кітапханашыларға, мәдениет қызметкерлеріне, студенттерге және оқырман қауымға арналған.

   Іс-шараның аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Асылы Османның шығармашылығына арналған «Қазақтың Асылы» атты кітап көрмесі ұсынылды.  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование