KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888132
2019 жылы:  21847
бүгiн:  1
қазiр:  28
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

01.07.2011

   2011 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында және Астана күніне орай «Астана – Отанымыздың жүрегі» атты кең ауқымды көркемделген кітап көрмесі ашылды.

    Бұл іс-шара  Алматы қаласы Әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылды.  Көрмеде оқырман назарына жаңа астанамыздың өткені, бүгіні мен болашағы, тәуелсіздіктің символы ретінде дамып, өркендеуі туралы әдебиеттер ұсынылған. Көрмеге кітапхана қорынан қазақ және орыс тіліндегі 2000-нан астам әдебиеттер қойылған.

    Көрме аясында ҚР Президентінің баспасөз қызметінің қолдауымен  «Қазақстан Мэтрдің көзімен» атты Ел Президентінің тұңғыш жеке фотографы Иосиф Будневичтің фотосуреттерінің көрмесі өтті. Көрмеде 70-тен аса фотосуреттер қойылған.

   Сонымен қатар, Алматы қаласының  Іскер әйелдер  қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырған Алматының көшбасшы-әйелдерінің қатысуымен «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы әйелдердің рөлі» атты дөңгелек үстел өтті.

    Жасампаздық пен атаулы оқиғаларға толы Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылы экономикада, саясатта, бизнесте, мәдениетте көшбасшы-әйелдердің қалыптасуына үлкен ықпал етті. Әйелдердің 20 жыл ішіндегі мемлекеттілігімізді нығайтудағы атқарған істері мен жетістіктері, олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуының түп-тамырын ұғыну осы дөңгелек үстелдің өткізілуін өзекті етті.

    Дөңгелек үстелді профессор, Алматы қ.  Әкімінің жанындағы Әйелдер  істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Г.К.Ахметова жүргізді.

    Дөңгелек үстелге Алматы қ. Бостандық ауданының әкімі З.Ж.Аманжолова,  маслихат депутаты, ҚР Тұтынушылар Ұлттық лигасының президенті С.Ю.Романовская, Алматы қаласы бойынша Iскер әйелдердiң қауымдастығының төрағасы,  Руханият Жасылдар партиясының Төрағасының орынбасары, «Nissamed» Эстетикалық дәрiгерлiктiң орталығының директоры Г.А.Жансейітова, Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Р.Т.Қуанышбекова және қаланың басқа да танымал әйелдері қатысты.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование