KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888159
2019 жылы:  21874
бүгiн:  1
қазiр:  45
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

22.08.2011

   ҚР ҰК Бас директоры Г.К.Балабекова 77-ші Бас конференцияның, ИФЛА Кеңесінің және ұлттық кітапханалар директорларының конференциясына қатысты (13-18 тамыз, 2011 жыл, Сан-Хуан қаласы, Пуэрто-Рико).

    Конференциясының тақырыбы: «Кітапханалар жай кітапхана ғана емес: баршаға арналған кірігу, инновация және ақпарат». Конференцияның бағдарламасы кітапханалардың қазіргі әлемдегі жұмыс бағыттарының жан-жақты салаларын талқылауды камтиды («Ашық қолжетімділік пен сандық ресурстар», «Саясат, стратегия және қорғау», «Пайдаланушылар үшін қолжетімділікті және сервистерді ілгерілету», «Құралдар және тәсілдер», «Идеялар, инновациялар, жаңаны күту» және т.б.).

    Конгресске 120 елдің кітапханалары мен кітапханалық мекемелердің 3500-ден аса өкілдері қатысты. Кітапханалық және ақпараттық бастамалар мен жобалардың жыл сайынғы көрмесіне 80 экспонент-ұйым қатысты. Пленарлық отырыстардың, форумдардың және секциялардың, Тұрақты комитеттердің жұмыстары кезінде 200-ден аса тақырыптық және 150 стендтік баяндамалар ұсынылды.

   Әйгілі Пуэрторикандық тарихшы және гуманист-ғалым, доктор Фернандо Пико негізгі баяндама жасады. ЮНЕСКО бастамалары мен жобаларының аясында кең ауқымдағы әлеуметтік-мәдени төркіндегі кітапханалар мәселесін қарауға ЮНЕСКО-ның арнайы ашық форумы арналды. ИФЛА Президентінің ашық дәрісі мен ИФЛА негіз қалаушы жобаларының тұсаукесері барысында (ALP кітапхана бағдарламаларын дамыту, BSLA әлеуетті кітапхана қауымдастығын құру және т.б.) бүгінгі әлемдегі кітапханалар қызметінің жалпы мәселесі қаралды. Қазіргі әлемдегі ұлттық кітапханаларды дамытуға арналған арнайы іс-шараларға, ақпараттың қолжетімділігі мен кітапханалардағы сөз бостандығы проблемаларына, электрондық ортада қазіргі кітапханаларды заңнамалық қамтамасыз ету және авторлық құқық, электрондық нысанда кітапханалардың қорларын ақпаратпен қалыптастыру, соның ішінде кітапханаларды электрондық құжаттың міндетті данасымен толықтыру мәселеріне қатысушылар үлкен қызығушылық білдірді. Конгресстің қорытыңды отырысында ИФЛА-ның жаңа Президенті Ингрид Парент таныстырылып, ол өзінің президенттік бағдарламасын мазмұндады.

     Ұлттық кітапханалар директорларының (CDNL) 2011 жылы 15 тамызда өткен жыл сайынғы отырысына ҚР ҰК Бас директоры Г.К.Балабекова қатысты. Әлемдегі жетекші ұлттық кітапханалардың директорлары отырыста ұлттық кітапханалардың даму проблемаларын талқылады.

    Конгресс бағдарламасының аясында коукас – ТМД елдері кітапханашыларының ашық үйлестіру кеңесі өтті, оны Еуразия Кітапханалар Ассамблеясы мен Ресей кітапханалар қауымдастығы ұйымдастырды. Коукаста РҰК бас директоры А.В.Лихоманов, РМК бас директорының орынбасары Л.Н.Тихонова, Президенттік кітапхананың директоры А.П.Вершинин, ҚР ҰК Бас директоры Г.К.Балабекова сөз сөйледі. Отырысты БАЕ (ЕКА) Президенті Р.С.Мотульский мен РКҚ Президенті В.В.Фирсов жүргізді.

    ИФЛА-ның келесі Бас конференциясы 2012 жылы тамызда Хельсинки қаласында (Финляндия) өтеді. 2013 жылы конференция өтетін орын – Сингапур болып жарияланды.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование