KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888210
2019 жылы:  21925
бүгiн:  1
қазiр:  57
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

07.09.2011

   2011 жылдың 7-қыркүйегінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында және Қазақстан Республикасы Конституция күніне орай Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Конституция мен Қазақстан Республикасындағы конституциялық дамудың  мәселелері және болашағы»  атты дөңгелек үстел өтті.

   Дөңгелек үстелге ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері С.С.Сартаев, заң ғылымдарының докторы, профессор, Д.А.Қонаев атындағы университеттің конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі Қ.К.Айтхожин, «Интеллектуал-парасат» заң компаниясының аға ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты Қ.Н.Дауыталиев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің оқытушылары Д.Л.Байділдинов – декан, Е.Ш.Рахметов - доцент, сонымен қатар «Қазақстан» ұлттық арнасы, «СТАН»-ТВ интернет басылымы, «Түркістан», «Заң», «Юридическая газета», «Алматы ақшамы», «Айқын», «Казахстанская правда», «Жұлдыз» және т.б. республикалық газет-журналдарының тілшілері қатысты. Дөңгелек үстелді заң ғылымдарының кандидаты Наширбаева Халида Ануарбекқызы жүргізді.

   Оқырмандардың назарына «Конституция – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты кітап көрмесі ұсынылды. 1500-ден аса әдебиеттер қойылған көрмеде «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша шығарылған кітаптар (Қазақтың ата заңдары. Алматы, 2006) ерекше қызығушылық танытты. Көрмеге қазақ халқы үшін ортақ заңдастыру тарихи кезеңі туралы, мемлекеттік құрылымды және қазақтардың феодалдық құқықтарын бекіткен Тәуке Ханның (ХVII ғасырдың екінші жартысы) «Жеті жарғы» заңдар жинағы жайында материалдар (Созақбаев С. «Тәуке Хан. Жеті жарғы» - Алматы. 1995), сондай-ақ  Сартаев С. «Қазақстан Республикасы Конституциясының қалыптасуы» - Алматы, 2005, т.б. көптеген басылымдар қойылды.

    Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ұлттық библиография қызметі құрастырған ҚР ҰҒА-ның академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері Салық Зиманұлы Зимановтың туғанына 90 жыл толуына орай өмірі мен қызметіне арналған библиографиялық көрсеткіштің тұсау кесер рәсімі өткізілді. 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование