KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888199
2019 жылы:  21914
бүгiн:  1
қазiр:  63
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

18.11.2011

«Еуразия кітапханаларының жаңа форматы. Ақпараттық жүйелер және технологиялар»
халықаралық конференция,
2011 жылғы, 15-17 қараша

   2011 жылы 15-17 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Еуразия кітапханаларының жаңа форматы. Ақпараттық жүйелер және технологиялар» тақырыбында Халықаралық конференция өткізілді. Конференция ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорының қолдауымен өткізілді.

    Халықаралық конференцияның негізгі мақсаты – ТМД елдері кітапханаларының өзара ықпалдастығының жаңа стратегиясын белгілеу. Кітапханалық инновацияны ілгерілету және е-кітапханаларға байланысты жобалармен қатар мемлекетаралық желілік инфрақұрылым және желілік ресурстар қалыптастыру жөнінде тиімді мәселелерді талқылау.

   Конференцияға Қазақстан және ТМД мемлекеттері Мәдениет министрлігінің өкілдері, ТМД елдерінің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорының ресми өкілдері, Ресей Мемлекеттік кітапханасының Президенті, РФ-ның Мемлекеттік және Ұлттық кітапханаларының директорлары, Б.Н.Ельцин атындағы Президенттік кітапхананың директоры, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Татарстан, Өзбекстан, Украина және Қазақстанның ұлттық, мемлекеттік, республикалық және облыстық әмбебап ғылыми кітапханаларының өкілдерімен қатар мәдениет, ғылым және білім беру мекемелерінің өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты.

   Халықаралық конференцияның өткізілуі  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 20 жылдығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының 80 жылдық  мерекелеріне орайластырылды.

    Конференция аясында «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің кітапхана ісі саласындағы мемлекеттік саясаты: тәжірибе, мәселелер, перспективалар», «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің мәдени кеңістігі және мұрасы» тақырыбында дөңгелек үстелдер, «Ұлттық электронды кітапханалар және әлемдік ақпараттық кеңістік» секциясы, Қазақстан Республикасының облыстық әмбебап ғылыми кітапханалары директорларының жыл сайынғы кеңесі өткізілді. 

   Құттықтау сөздерiмен: Б.Е.Алтаев,  ҚР Мәдениет министрлігі Мәдениет Комитетінің Тарихи-мәдени мұра басқармасының бастығы;  В.А.Жандаулетов, ҚР Президентінің Баспасөз қызметінің Алматылық бюросының меңгерушісі;  О.В.Баракаева, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің  гуманитарлық  ынтымақтастық  жөніндегі  мемлекетаралық қорының кеңесші; О.И.Карпухин, ЕврАзЭҚ-ның Интеграциялық комитетiнiң бас хатшысының кеңесшісі; М.А.Нұрмағамбетов, ҚР Сыртқы Істер министрінің кеңесшісі; Ғалым Жайлыбай, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары сөз сөйледі.

  Пленарлық отырыста ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директоры Г.Қ.Балабекованың «Еуразия кітапханалар кеңістігі дамуының басымдықтары, перспективалары мен стратегиялары» атты негізгі баяндамасында Еуразия кітапханаларының интеграциясының теориялық, идеологиялық, тұжырымдамалық, технологиялық бағыттары ұсынылды.

   Еуразия Кітапханалары Қауымдастығы мүшелерінің жалпы XIII-жиналысы өткізіліп, 2008-2011 жылдардың қорытындысы шығарылды және ЕКҚ-ның стратегиясы мен басымдықтары айқындалды. Сонымен бiрге, 2012-2015 жылдарға ЕКҚ Президенті және вице-президенттері  сайланды. ЕКҚ Президенті болып  Ресей мемлекеттік кітапханасының Бас директоры А.И.Вислый,  вице-президенттері - ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директоры Г.Қ.Балабекова және Беларусь Ұлттық кітапханасының бас директоры Р.С.Мотульский сайланды.

   Конференцияға қатысушылардың назарына Қазақстан-ресейлік «Қазақстанның Ресей Ұлттық кітапханасы қорындағы құжаттамалық жады» жобасы ұсынылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының 80 жылдығына және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.

       Конференцияның бағдарламасы

                                      

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование