KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888195
2019 жылы:  21910
бүгiн:  1
қазiр:  65
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

09.09.2011

   ҚР Ұлттық кітапханасы Қазақстан Республикасының Санкт-Петербургтегі Бас консулдығымен бірге 2011 жылы 9 қыркүйекте «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы», «Ленинградтық өрендерім! Жамбыл Жабаевтың туғанына 165 жыл» атты мерейтойлық безендірілген кең ауқымды кітап көрмелерін Ресей Ұлттық кітапханасында салтанатты түрде өткізді.

  Көрмелер Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының және Ресей Ұлттық кітапханасының корларынан ұйымдастырылды.

   Құттықтап, сөз сөйлегендер: РҰК Бас директоры А.В.Лихоманов, Қазақстан Республикасының Санкт-Петербургтегі Бас консулы міндетін атқарушы Г.Ж.Темірбеков, ҚР ҰК Бас директоры Г.Қ.Балабекова, Санкт-Петербург қаласы мен Ленинград облысының «Ата-Мекен» Қазақ қоғамының президентi С.А.Құспанов және басқалар. Ашылу рәсiмiне Мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы – Тәуелсіз   Мемлекеттер Достастығының (МПА ТМД), СПб Халықаралық ынтымақтастық Қауымдастығының, Мәдениет комитетінің, Қазақстан Республикасының Санкт-Петербургтегі Бас Консулдығының, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының, дипломаттық миссиялардың, Санкт-Петербургтегі қазақ диаспорасының  өкілдері және басқа да құрметті қонақтар қатысты.

   «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы» көрмесі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған. Көрме Қазақстанның саясаты, тарихы мен мәдениеті туралы әдебиетті қамтитын төрт бөлімнен тұрады. Көрме экспонаттарының қатарында Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандық жол» кітабы, ҚР Президентінің басқа да еңбектері, М.Б.Қасымбековтың «Көшбасшы және Тәуелсіздік» кітабы, «Қазақстан және ЕҚҰЫ» құжаттар мен материалдар жинағы, «Қазақстан Республикасы», «Қазақстан тарихы» энциклопедиялық аңықтамалықтары, «Қазақстан» үш томдық фотожылнамасы, «Ұлы даланың жырлары. Қазақ фольклоры», «Жыраулар мен ақындар поэзиясы», «Абай. Мен бір жұмбақ адаммын» кітаптары бар.

  «Ленинградтық өрендерім! Жамбыл Жабаевтың туғаны 165 жыл» көрмесі аса көрнекті импровизатор-ақын Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына арналды. Жыр алыбының шығармалары негізінен отаншылдықты жырлайды. Ұлы Отан соғыс кезінде ақынның қоршауда қалған Ленинградты қорғаушыларға арнаған «Ленинградтық өрендерім!» толғауы бүкіл елге тарады. РҰК көрмесіне қазақ ақынының шығармашылығын зерттеу жөніндегі еңбектер, өмірінің соңғы кезеңіне арналған фотошежіре, сондай-ақ Жамбылдың әр  жылдарда шыққан шығармалары қойылды.

   Қазақстан Республикасының Санкт-Петербургтегі Бас консулдығымен Жамбыл Жабаевтың 165 жылдығына  орай дайындалған мерейтойлық медаль құрметті қонақтарға және Ресей Ұлттық кiтапханасының әкiмшiлiгiне тапсырылды.

   ҚР ҰК қорларындағы кітаптар Ресей Ұлттық кітапханасына ҚР Санкт-Петербургтегі Бас консулдығының жәрдемімен жеткізілді.

   Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Ресей Ұлттық кітапханасына кейінгі 20 жылда шыққан қазақстандық 100 жаңа кітапты тарту етті.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование