KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888147
2019 жылы:  21862
бүгiн:  1
қазiр:  35
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

08.09.2011

   2011 жылы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ұлттық кiтапханасының Бас директоры Г.Қ.Балабекова бастаған делегациясы  Б.Н.Ельцин атындағы Президенттiк кiтапханаға (Санкт-Петербург қаласы, РФ) іс-сапармен барды.

   Делегацияның Б.Н.Ельцин атындағы Президенттiк кiтапхананың Бас директоры А.П.Вершининмен кездесуiнде электрондық коллекцияларды қалыптастыру және электрондық документ көшiрмелерiмен алмасу  мәселелері жөнінде ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

   Кездесуде ҚР ҰК Бас директоры Г.Қ.Балабекова Б.Н.Ельцин атындағы Президенттiк кiтапхананың қорына Қазақстан Республикасының Ұлттық кiтапханасының қорынан электрондық документ көшiрмелерiн (12 CD) тапсырды, оның ішінде: Орта Азия географиясы бойынша XIX ғасырдың сирек басылымдары,  Қазақстанның Ұлы Отан соғысына қатысуын сипаттайтын құжаттар, «Отан үшін» қызыләскерлік газетінің 1943-1946 жж. шыққан бiрнеше нөмiрлерi. Тарту етілген құжаттар Президенттiк кiтапхананың «Ұлы Жеңiс туралы жады»  және «Ресей аумағы» коллекцияларына кiредi. Бұл акцияға жауап ретінде Б.Н.Ельцин атындағы Президенттiк кiтапхана Қазақстанның тарихи мұрасынан электронды кітаптар ҚР Ұлттық кітапханасына сыйға берілулер үшін дайындайды. Сонымен қатар, Б.Н.Ельцин атындағы Президенттік кітапхана мен Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы арасында электронды құжаттардың көшірмелерімен алмасу, бірлескен жобаларды іске асыру, қос кітапхананың ақпараттық деректер қорына қолжетімділікті қамтамасыз ету және т.б. бағыттар жөніндегі ынтымақтастық туралы Келісімнің жобасы берілді.

   Б.Н.Ельцин атындағы Президенттік кітапхананың қызметкерлері қонақтар үшін электронды оқу және көрме залдарына, мәжіліс залына, типографиялық және мультимедиялық кешендерге экскурсия ұйымдастырды. Делегация мүшелері кітапхананың техникалық мүмкіндіктерін, оқырмандардың жұмыс істеуіне жасалған жағдайларды және кітаптарды 2D және 3D-форматында оқуға мүмкіндік беретін электронды оқырман залының бағдарламалық қамтамасыз етілуін жоғары бағалады.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование