KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888120
2019 жылы:  21835
бүгiн:  1
қазiр:  39
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.09.2011

   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында, Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етуіне орай, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы 2011 жылы, 22-ші қыркүйегінде, сағат 11-де «Парсы тіліндегі кітаптардың каталогы» атты жаңа басылымның тұсаукесері өтеді.

   ҚР Ұлттық кітапханасы Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорындағы шығыс кітаптарын зерттеу және оларды ғылыми айналымға енгізу мақсатында «Парсы тіліндегі кітаптардың каталогын» дайындап, баспадан шығарып оқырман назарына ұсынып отыр. Каталогты құрастырған филология ғылымдарының кандидаты, шығыстанушы Ғ.Ә.Қамбарбекова, ғылыми редакторы тарих ғылымдарының докторы, шығыстанушы-ғалым Ә.Қ.Муминов.

   Бұл каталогқа ҚР Ұлттық кітапханасының сирек қорында сақтаулы Иран, Үндістан, Ресей, Әзербайжан, Түркменстан, Түркия және Грузия елдерінде жарық көрген 247 кітаптың ғылыми сипаттамасы енген. Олардың ішіңдегі ең қызықты басылымдар «Раузат ас-сафа», «Тарих-и Табари», «Тарих-и Чингиз-хан», Мұхаммед пайғамбар мен сахабалар өміріне арналған еңбектер, «Інжіл» мен «Забурдың» парсы тіліндегі аудармалары, Йасауийа тариқаты шейхтарының өмірбаяндарына арналған «Ламахат мин нафахат ал-құдс» шығармасы, Сопы Аллаярдың «Маслак ал-муттақин», «Мурад ал-‘арифин» шығармалары, ауған теологы Ахунд Дарвизаның хаттар жинағы, Сана’и, Хафиз, Руми, Са‘ди, Фирдауси және Джамидің өлеңдер жинағы бар. Сонымен қатар, парсы тілінің түсіндірме сөздіктері мен Джалаладдин Дауанидың этикаға арналған «Ахлақ-и Джалали» шығармасы, парсы ауыз әдебиеті үлгілері, Румидің, Са‘дидің шығармаларына жазылған түсініктер, каллиграфия өнеріне арналған оқулықтар, парсы прозасының озық үлгілері кездеседі.

   Тұсаукесер аясыңда «ҚР Ұлттық кітапханасының қорындағы парсы тіліндегі кітаптар» көрмесі  ұйымдастырылды.

   Тұсаукесерге тіл білімі, шығыстану, тарих, әдебиет салаларының ғалымдары, Иран мәдени орталығының өкілдері, кітапхана және мұрағат мамандары, сондай-ақ осы тақырып қызықтыратын ізденушілер мен зерттеушілер және студенттер шақырылды.

   Байланыс телефоны: 267-28-55

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование