KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888207
2019 жылы:  21922
бүгiн:  1
қазiр:  58
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.09.2011

   2011 жылы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасының  Ұлттық кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына  және Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының 80 жылдығына орай «Ашық есіктер күнін» өткізді.

   Мерейтойлық жылдың әрбір айының өз ой өзегі бар. Қыркүйек айы «Руханият» - білім беру, мәдениет, тілдер, рухани келісім айы.

   Осы руханиятқа арналған Ашық есіктер күнінің мақсаты – қоғамымыздың рухани дамуына ықпал ету үшін кітап  оқуды насихаттау, жастарды кітап оқуға тарту,  кітапхананың  қоғам өміріндегі маңызын арттыру, кітапхананың бай кітап қорымен таныстыру.

    Бұл күні Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының оқырмандары мен қонақтарына, соның ішінде Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының магистранттары, Абай атындағы Қазақ  ұлттық педагогикалық университетінің, Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар мен Әлем тілдері университетінің, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің, қазақстандық-неміс университетінің, «Өзін-өзі тану» гуманитарлық колледжінің студенттеріне экскурсиялар ұйымдастырылды. Экскурсияны жүргізушілер ҚР Ұлттық кітапханасының тарихы мен қызметімен, оқырмандар залымен және көрсетілетін қызметтермен таныстырды. Олардың назарына әр тақырыптағы кітап көрмелері - «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті»,  «Конституция – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»,  Ғабдол Слановтың 100 жылдығына арналған «Қаламгердің қоңыр әуені», «Манаш Қозыбаевтың 80 жылдығына арналған «Тарих ғылымының тарланы», «Ақиқат» журналының мерейтойына арналған «Ақиқат – 90 жыл» атты көрмелер ұсынылды.

   Осы күні көрсетілетін қызметтер тегін ұсынылды. Келушілерге қалаулары бойынша ҚР Ұлттық кітапханасының буклеті мен «Ұлттық кітапхана» журналы таратылды. 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование