KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888156
2019 жылы:  21871
бүгiн:  1
қазiр:  42
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.09.2011

   Қазақстан экономикасы үшін мұнайгаз саласының  маңызы өте үлкен, сондықтан мұнайгаз тақырыбы бойынша ақпаратқа жіті назар аудару әбден заңды құбылыс. Осыған байланысты, 2003 жылы ҚР Ұлттық кітапханасы мен «Шеврон» компаниясының Ақпараттық-ресурстық мұнай және газ Орталығын құру жөніндегі жобасы іске асырылды. Мұнайгаз өнеркәсібінің нақты және виртуалды мамандары үшін дербес деректер базалары мен Интернет-ресурстардан кәсіби ақпарат беру осы жобаның мақсаты болып табылады, соларға ойдағыдай қол жетті және Ұлттық кітапхана өзінің ақпараттық қызметін гуманитарлық межелердің аясынан тыс кеңейтті.

   Қазір, жобаның жалғасы ретінде, мүдделі ұйымдардың күш-жігерлерін біріктіру жолымен ақпараттық қызмет көрсетудегі ынтымақтастықты жетілдіру және тереңдете түсу арқылы ҚР Ұлттық кітапханасы мен «Шеврон» компаниясы 2011 жылы 28 қыркүйекте сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығын атап өту іс-шараларының аясында дөңгелек стол өткізеді. Тақырыбы: «Мұнайгаз саласында ақпарат тұтынушылар үшін кітапханалық-ақпараттық сервистің осы заманғы үлгілері». Дөңгелек столдың мақсаты-мұнай мен газ бойынша  кітапханалық ресурстар құруда кіріктірілген корпоративті ортақ тәсілдер жасау.

  Дөңгелек столдың жұмысына «Шеврон» компаниясының, Халықаралық ақпараттандыру Академиясының, ЖОО кітапханаларының, Астанадағы  Ұлттық Академиялық кітапхананың, Орталық Азиялық таукен өнеркәсібі одағының өкілдері қатысады. Дөңгелек стол жұмысының барысында қатысушылар ақпараттық ресурстар құру мен оны ілгерілету жөніндегі тәжірибелерімен алмасып, пікір бөліседі, мұнай мен газ бойынша ресурстарды әрмен қарай дамытуға қатысты қарар қабылдайды.

Өтетін орны: ҚР Ұлттық кітапханасы, Мәдени бағдарламалар залы, 1 қабат

Байланыс телефоны: (727) 267 28 71

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование