KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065940
2019 жылы:  131475
бүгiн:  1
қазiр:  21
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.09.2011

   Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен ҚР Тұңғыш Президентінің Қорының ынтымақтастығы аясында 2011 жылы 15-17 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасы өткізетін Халықаралық «Еуразия кітапханаларының жаңа форматы. Ақпараттық жүйелер мен технологиялар» конференциясының  бағдарламасына  ҚР Тұңғыш Президентінің Қорына бару енгізілген.

   Конференция қатысушылары Қордың жұмысымен және қазіргі тәуелсіз мемлекетіміздің негізін салушы ҚР Тұңғыш Президентінің сан-салалы қызметімен танысады.

   Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде Ұлттық кітапхана мамандары Қордың соңғы жылдары басып шығарған басылымдарының  көрмесіне қатысты. Көрме барысында ҚР Ұлттық кітапханасына 55 дана кітап – қазақстандық авторлардың шығармалары, жас ғалымдардың еңбектері сыйға тартылды. Олардың ішінде: М.О.Әуезовтің, С.Сейітовтың, Н.Сыдыковтың, М.Макатаевтың шығармалары, мақалалар жинақтары: «Қазіргі Қазақстандағы инновациялық даму және ғылымның қажеттілігі», «Жастар - ғылымда» және т.б.

   ҚР Ұлттық кітапханасы Қорға осы үлкен сый үшін өз ризашылығын білдіріп, Қор ұжымына шығармашылық табыстар тілейді.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование