KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888129
2019 жылы:  21844
бүгiн:  1
қазiр:  28
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

22.09.2011

   2011 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында қазақ әдебиетінің  майталман жазушысы Ғабдол Слановтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Қаламгердің қоңыр әуені» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.   Көрме негізгі  екі бөлімнен құралған.

   «Сара сөздің сарбазы»  бөлімінде Ғабдол Слановтың «Арман ағысы», «Дөң асқан»,  «Жанар Тау», «Кең өріс» сияқты көптеген роман, повестері қойылды. Сонымен қатар, жазушының орыс классиктері  А.Н. Островскийдің  «Пайдалы орын»,  А.Фадеевтің «Жас гвардия»,  Л.Кассильдің  «Ұлы бетпе-бет» шығармаларын қазақ тіліне аударған аудармалары көрмеден орын алды.

   «Ірі тұлға арналы талант» бөлімінде Рымғали Нұрғалидың, Әзілхан Нұршайықовтың, Әкім Таразидың, Сағынғали Сейітовтың және көптеген басқа да ақын - жазушылардың  Ғабдол Слановтың шығармашылығы туралы мақалалары мен арнаулары оқырман назарына ұсынылды.

  Сланов Ғабдол (1911-1969) - қазақ жазушысы. 1928-31 жылдары Мақат Мұнай кәсіпшілігінде, ҚазКСР Халық жер комиссариатында қызмет етті, 1931-57 жылдары «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Ж.Жабаевтың әдеби-мемориалдық мұражайының әдеби қызметкері қызметтерін атқарған.

   КСРО-ның «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдарымен марапатталған.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование