KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065920
2019 жылы:  131455
бүгiн:  1
қазiр:  26
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

03.10.2011

   2011 жылы 3 қазанда сағат 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының 80 жылдығына орай ақын, Ресей Жазушылар одағының мүшесі Аманғали Сұлтанның «Скифиада» атты 2 томдық тарихи дастан кітабының тұсаукесері өтті.

   Тұсаукесерді белгілі жазушы, қоғам қайраткері С.А.Елубаев  және «Мұхтар Әуезов қоры» Қоғамдық қорының президенті М.М.Әуезов жүргізді. Тұсаукесер рәсімінде тіл білімінің маманы, филология ғылымдарының  докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Ш.Ш. Сарыбаев, филология ғылымдарының докторы, ғалым Ф.М.Оразаев, ҚР Президенттік мәдениет орталығы директорының орынбасары, ғалым Ж.М. Әкім, ҚР Ұлттық кітапханасының Сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімінің жоғары дәрежелі кітапханашысы А.К.Бекпулатова  және т.б. қатысып, сөз сөйледі.

   Іс-шараның аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан А.С. Сұлтанның шығармашылығына  арналған «Уақыт уағызы» атты кітап көрмесі ұсынылды.  

 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование