KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065375
2019 жылы:  130910
бүгiн:  1
қазiр:  14
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.10.2011

   Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының бас директоры Г.Қ.Балабекова Киев қаласында  (Украина) 2011 жылы 21-22 қазанда өткен ТМД қатысушы-мемлекеттерінің шығармашылық және ғылыми интеллигенциясының  VI Форумына қатысты. Достастық елдерінің мәдени және ғылыми-білім беру элитасының өкілдерін жинайтын форумдар ТМД қатысушы-елдері  гуманитарлық ынтымақтастығының Мемлекетаралық қорының қолдауымен 2007 жылдан бері өткізіліп келеді.

   VI Форумның тақырыбы- «ТМД қатысушы-мемлекеттерінің тарихи-мәдени мұрасы: ортақ  игілік және орнықты даму ресурсы». Форум барысында пленарлық отырыс пен алты салалық палата өтті, олар: «Білім, ғылым, технологиялар мен инновациялық даму», «Спорт және салауатты өмір салты, экология және табиғи-қорық қоры», «Тарихи-мәдени мұра және мәдени-танымдық туризм», «Классикалық және бүгінгі заманғы өнер», «Әдебиет, кітап шығару, тәржіма», «Ақпараттық технологиялар мен коммуникация». Отырыстар мен «дөңгелек столдар» Киевтегі Тарас Шевченко атындағы ұлттық университетінде өтті. Форумның салтанатты ашылуының алдында Тарас Шевченко мен Михаил Ломоносовтың шығармашылық мұрасына арналған дөңгелек столдар ұйымдастырылды. Бірқатар тақырыптық көрмелер ашылып, тұсаукесерлер өткізілді.

   Г.Қ.Балабекова өз сөзінде Украина Үкіметі мен Халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорына (ХГЫҚ) осы Форумды ұйымдастырғаны, Достастық елдерінің шығармашылық және ғылыми интеллигенциясының  пайдалы диалог жүргізу алаңы ретінде Форумды сақтауға қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ ол ХГЫҚ жобаларын  ары қарай іске асыру жөнінде ұсыныстар айтты.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование