KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065420
2019 жылы:  130955
бүгiн:  1
қазiр:  23
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.10.2011

   2011 жылы 27 қазанда сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және ҚР Ұлттық кітапханасының 80 жылдығына арналған «Ауылым - алтын бесігім» - поэзиялық ән кеші өткізілді. Кеш аясында «Ауылым- әнім» атты безендірілген  кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Кеш барысында   жас ақындар отансүйгіштік, тәуелсіздік, ауылдың гүлденуіне арналған жыр-өлеңдерін оқып, ауылды қайта түлету мен гүлденуге байланысты келелі ойларын ортаға салды. Сонымен қатар,  эстрада жұлдыздарының орындауларында ауылға арналған әндер шырқалды.

   Кешке  жас ақындар Маралтай Райымбекұлы,  Алмат Исаділ, Ырысбек Дәбей, Бауыржан Әліқожа, қазақ эстрадасының әншілері Нұрлан Абдуллин, Медеу Арынбаев, Саят Медеуов және кітапхана оқырмандары мен қызметкерлері қатысты. 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование