KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888188
2019 жылы:  21903
бүгiн:  1
қазiр:  61
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

02.11.2011

   2011 жылы 2 қарашада сағат 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20-жылдығын мерекелеу аясында «Қазақстан және БҰҰ: ынтымақтастық кезеңдері» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті.

   БҰҰ-бейбітшілік пен жаhандық қауіпсіздікті сақтау негізгі міндеті болып  табылатын халықаралық ұйым. БҰҰ Бас  Ассамблеясының 1992 жылы 2 наурызда өткен 46-шы сессиясында Қазақстан Республикасы бірауыздан БҰҰ  мүшелігіне қабылданды. Белсенді де салмақты сыртқы саясатының арқасында тең құқылы және жауапты  әріптес болған Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының  тәртібіндегі барлық бағыттары бойынша халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға және ұйымның қызметін жақсартуға  нақты үлесін қосып келеді. 2011 жылы 12-13 қазанда Астанада өткен «За безъядерный мир» халықаралық форумы әлемдегі қауіпсіздікті нығайтуға қатысты саясатшылар мен қалың жұртшылықтың күш-жігерлерін біріктіруге жасалған тағы бір маңызды қадам болды. Дөнгелек үстелде Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты дамыту мен нығайту мәселелерімен қатар халықаралық қатынастардағы жаңа үрдістер және жаhандану жағдайындағы  БҰҰ рөлі талқыланды.

   ҚР-ның Ұлттық кiтапханасының қорынан «Қазақстан және БҰҰ: ынтымақтастық кезеңдері»  көрмесі ұйымдастырылды.

   Дөнгелек үстелге қатысқан қонақтар:  Мусалимов И.И.- ҚР СІМ Алматыдағы өкілдігінің басшысы;  Арыстанбекова А.Х.- ҚР БҰҰ-ғы Бірінші  Тұрақты өкілі;  Дамира Сартбаева - Бағдарламалардың  аймақтық басшысы   (ООН –Женщины/ UN Women);   Властимил Самек – БҰҰ Қоғамдық  ақпарат департаментінің өкілі; Алматы қаласындағы БҰҰ және Елшіліктердің өкілдері, жоғарғы оқу орындарының студенттері, қітапхана окырмандары және  қала жұртшылығы.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование