KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888214
2019 жылы:  21929
бүгiн:  1
қазiр:  59
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.11.2011

   2011 жылы  28 қарашада сағат 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында ҚР Ұлттық кітапханасы мен ҚР БҒМ Орталық ғылыми кітапханасының қорларына аса сирек факсимильдік басылым - Иван Грозныйдың  Жылнамалық жинағын сыйға тарту рәсімі өтті. Бірегей фолиант «Российское Общество Любителей Древней Письменности» қайырымдылық қорының сыйы.

    Іс-шараны ҚР ҰК Бас директорының орынбасары Б.Қ.Оспанова ашты.

   Осыдан бірнеше жыл бұрын «Российское Общество Любителей Древней Письменности» қайырымдылық қоры жылнамалық жинақты қалың оқырмандарға қолжетімді ету мақсатын қойды. Соны іске асыру үшін жинақ 20 томмен басылады. Қазір оның 8 томы жарық көрді. Осы даналар ҚР Ұлттық кітапханасы мен ҚР БҒМ Орталық ғылыми кітапханасының қорларына табысталды.

   Сыйлықты табыстаудың құрметті миссиясы «Российское Общество Любителей Древней Письменности» басқармасының төрағасы Герман Стерлиговке тапсырылды. Герман Стерлигов – ресейлік саяси және қоғам қайраткері, кәсіпкер, менеджер, Ресейдегі алғашқы мультимиллионерлердің бірі. Ресейдегі ең алғашқы тауарлық «Алиса» биржасын құрушы, сондай-ақ басқа да көптеген жобаларды жасаушы. Герман Стерлигов Компаниялар Тобы директорлар Кеңесінің төрағасы. «Российское Общество Любителей Древней Письменности» басқармасының төрағасы.  Антидағдарыстық есептік - тауар орталығының негізін қалаушы.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование