KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065555
2019 жылы:  131090
бүгiн:  1
қазiр:  144
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

06.12.2011

    2011 жылы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасының  Ұлттық кітапханасында «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» - 20 жұлдызды күннің шеңберінде «Мәдениет» күніне орай  «Ашық есіктер күнін» өткізді.

    Ашық есіктер күнінің мақсаты – қоғамымыздың рухани және мәдени дамуына ықпал ету үшін кітап  оқуды насихаттау, жастарды кітап оқуға тарту,  кітапхананың  қоғам өміріндегі маңызын арттыру, кітапхананың бай кітап қорымен таныстыру.

   Оқырмандар назарына әр тақырыптағы кітап көрмелері - «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы», «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз», «Өнер әлеміне саяхат», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті», Манаш Қозыбаевтың 80 жылдығына арналған «Тарих ғылымының тарланы», Қ.Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Өлмес өмір жыршысы», Тұрсынхан Әбдірахманованың 90 жылдық мерейтойына арналған «Жақұт сөзбен өрілген жауһар жыр» атты көрмелер ұсынылды. Кітапхананың қызметімен таныстыратын тегін экскурсиялар ұйымдастырылды, кеңестер берілді.

   Сонымен қатар, «Мәдениет» күніне арналған концерттік бағдарлама өткізілді. Концерттік бағдарламада жас ақындар: Мұратхан Шоқан, Бауыржан Әліқожа және Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер Академиясының студенттері өз өнерлерін көрсетті.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование