KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065624
2019 жылы:  131159
бүгiн:  1
қазiр:  23
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

05.12.2011

   2011 жылы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында белгілі ақын, сазгер Қасым Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Өлмес өмір жыршысы» атты кітап көрмесі ашылды.

     Көрме негізгі екі бөлімнен құралған.

    «Қыран қанатты ақын» бөлімінде Қасым Аманжоловтың «Өмір сыры», «Дауыл», «Балбөбек», «Нұрлы дүние», «Жанна» атты өлең жинақтары мен «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы қойылды. Сонымен қатар, жазушының орыс классиктері А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Н.А.Некрасовтың және т.б. ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған аудармалары көрмеден орын алды.

    «Дауыл мен оттан жаралған»  бөлімінде  Әбділдә Тәжібаевтың, Ғафу Қайырбековтың,  Мұхамеджан Қаратаевтың, Мұзафар Әлімбаевтың,  Серік Қирабаевтың, Сәбит Досановтың және көптеген басқа да ақын-жазушылардың Қасым Аманжоловтың шығармашылығы туралы мақалалары мен арнаулары оқырман назарына ұсынылды.

      Қасым Аманжолов (1911-1955) – қазақ ақыны. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1931-41 жылдары республикалық «Лениншіл жас», Орал облыстық «Екпінді құрылыс» газеттерінің редакцияларында, сол өңірдің театрында жұмыс істеген. 1946 жылдан бастап бірнеше жыл «Әдебиет және өнер» журналының поэзия бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование