KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065641
2019 жылы:  131176
бүгiн:  1
қазiр:  24
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.12.2011

   2011 жылы 12 желтоқсанда сағат 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында «Атамұра» баспа корпорациясында жарық көрген «Мұхтар Әуезов» энциклопедиясының тұсаукесері өтті.

   Сонымен қатар, Кәдірбек Сегізбайұлының «Қазақы дастарқан» атты кітап-альбомы да ұсынылды.

   Тұсаукесер рәсімін  ҚР ҰК Бас директоры  Г.Қ.Балабекова ашты.

   Тұсаукесерді «Атамұра» корпорациясы» ЖШС-нің президенті Р.А. Құл-Мұхаммед жүргізді. Тұсаукесер рәсімінде белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор М.Мырзахметов, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик Т.Кәкішев, жазушы, ғалым Т.Ибрагимов, мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, «Мұхтар Әуезов қоры» Қоғамдық қорының президенті М.Әуезов, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.Елеукенов, Қазақстан Жазу­шылар одағы басқарма­сының төрағасы, ақын, драматург  Н.Оразалин және басқа да көптеген белгілі жазушылар мен ғалымдар, мәдениет қайраткерлері өз ойларымен бөлісіп, сөз сөйледі. 

   Іс-шараның аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан «Атамұра» корпорациясынан жарық көрген кітаптардың безендірілген көрмесі ұсынылды.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование