KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888133
2019 жылы:  21848
бүгiн:  1
қазiр:  29
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.12.2011

   ҚР Ұлттық кітапханасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы» атты мерейтойлық кітап көрмесін ұйымдастырды.

     Көрмеге қазақ, орыс және шет тілдердегі 3500-ден астам басылым қойылып отыр.

     Көрме «Нұрсұлтан Назарбаев –  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті», «Астана – Отанымыздың жүрегі», «Менің Қазақстаным» атты  кең ауқымды 3 бөлімнен тұрады.

    «Нұрсұлтан Назарбаев –  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» атты бөлімде  Елбасының кітаптары, баяндамалары мен сөздері, жолдаулары мен үндеулері, сұхбаттары мен мақалалары, құттықтаулары бар. Олардың ішінде әр жылдары жарық көрген «Әділеттің ақ жолы», «Тәуелсіздігімізге бес жыл», «Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында», «Еуразия жүрегінде», «Қазақстан жолы», «Сындарлы он жыл» және т.б. кітаптары қойылған.

    «Астана – Отанымыздың жүрегі» бөлімінде жаңа астанамыздың өткені, бүгіні мен болашағы, тәуелсіздіктің символы ретінде дамып, өркендеуі туралы әдебиеттер ұсынылған.

    «Менің Қазақстаным» бөлімі егемен Қазақстанға арналған. Ұсынылған құжаттар тәуелсіз мемлекетіміздің қысқа мерзім ішінде жүріп өткен жолын, тарихи оқиғаларды  суреттейді. Бөлім құжаттарының ішінде  – энциклопедиялар, альбомдар, кітаптар бар.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование