KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065581
2019 жылы:  131116
бүгiн:  1
қазiр:  28
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

29.12.2011

   Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ұжымы  Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына орай республиканың кiтапханалық iсiнiң дамуына қосқан зор үлесі мен ҚР Ұлттық кітапханасындағы көп жылдық ерен еңбегі үшін

   «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл»  мерекелік медалімен  ҚР ҰК Бас директорының орынбасары Б.Қ.Оспанованы, Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар бөлімінің  жетекшісі Н.М.Аскарбекованы, Кітап қорын толықтыру бөлімінің жетекшісі Қ.М.Изамбекованы, Мерзімді  басылымдар бөлімінің топ жетекшісі С.Мұсаеваны, Ақпараттық ресурстар бөлімінің топ жетекшісі А.Т.Байболсынованы;

ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төс белгісімен Редакторлық-аударма қызметінің жетекшісі Б.Шәймерденованы,  Каталогтар қызметінің жетекшісі Г.Н.Жамбылованы, Компьютер қызметінің жетекшісі Е.Б.Сапарғалиевті;

ҚР Мәдениет министрлігінің «Кітапхана ісінің үздігі» құрмет дипломымен Ғылыми-әдістемелік қызметтің жетекшісі К.К.Қоштаеваны, Ақпараттық ресурстар қызметінің жетекшісі Г.С.Жорабаеваны,  «Қазақстан кітаптары» қызметінің жетекшісі Ж.А.Әбдікерімованы.

   Алматы қаласы Бостандық ауданының Әкімінің Құрмет Грамотасымен Сандық технологиялар бөлімінің кітапханашысы Р.Ж.Бабалыкованы,  Қорларды сақтау бөлімінің топ жетекшісі А.М.Өтебаеваны;

   Алматы қаласы Бостандық ауданының Әкімінің Алғыс хатымен  Ақпараттық ресурстар бөлімінің библиографы Ш.Алтынбекованы, Кітап қорын толықтыру бөлімінің кітапханашысы Г.В.Бегішеваны,  Қорларды сақтау бөлімінің кітапханашысы Д.Н.Шураеваны марапатталуымен құттықтайды.

   Қымбатты әріптестер! Сіздерге және  жанұяларыңызға зор денсаулық, бақ пен береке, табыстар мен жетiстiктер тілейміз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование