KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065554
2019 жылы:  131089
бүгiн:  1
қазiр:  144
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.12.2011

   2011 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына және Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 20 жыл толуына байланысты Алматыға сапармен келген ҚХР делегациясы ҚР Ұлттық кітапханасына келді. Делегацияны СҰАР Қытай Халық Саяси Консультативті Кеңесінің төрағасы Асхат Керімбай басқарды.

   Делегацияның құрамында ҚХР Алматыдағы бас консулы Ду Дэвэнь ханым, ҚХР Алматыдағы бас Консулының орынбасары Ло Шисюн мырза, СҰАР Іле-қазақ автономиялық округі үкіметінің басшысы Маокен Сайтихамужа мырза бар.

   Кездесу барысында қонақтар ҚР Ұлттық кітапханасының қызметімен танысып (Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар бөлімі, Сандық технологиялар бөлімі, Қытай мәдени орталығы) және Қытайдың тарихы, оның салт-дәстүрлері, халықтың қолөнерлері туралы әдебиетті (45 аталым/ 206 дана) сыйға тартты.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование