KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888206
2019 жылы:  21921
бүгiн:  1
қазiр:  58
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

25.01.2012

   25 қаңтар күні сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы және Ресей Федерациясының «Шет елдердегі мәдени орталықтарды дамытуға көмек беру қорымен» бірлесе отырып, Ресей зерттеу орталығына кітаптар табыстау рәсімін өткізеді. Кітап сыйға тарту рәсімі «ТМД елдерінің кітапханаларына көмек» Ресей Федералдық бағдарламасы аясында өтеді.

   Қазақстан және Ресей халықтары арасындағы достықты нығайту және өзара түсіністікті тереңдету мақсатында, екі елдің мәдени байланыстарын дамыту жолындағы өзара күш-жігерді үйлестіру бағытында 2006 жылы ҚР Ұлттық кітапханасында Ресей зерттеу орталығы Ресей Федерациясының «Шет елдердегі мәдени орталықтарды дамытуға көмек беру қоры» мен ҚР Ұлттық кітапханасының арасында келісімшарт негізінде құрылды. Бұл жобаның бас демеушісі Ресей Федерациясының Мәдениет пен кинематография жөніндегі федералдық агенттігі және Ресейдің тұңғыш президенті Б.Н. Ельцин қоры.

   Орталықтың міндеті – Ресей Федерациясы, оның мемлекеттік құрылымы, халқы, экономикасы, ғылымы, тарихы мен мәдениеті, т.б. туралы ақпарат таралымын, екі мемлекет азаматтарының ақпараттандырылу деңгейін жақсарту. ҚР Ұлттық кітапханасы елдің бас кітапханасы ретінде ресейлік ақпарат ресурстарына оқырмандардың кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз етуге күш салуда. Бүгінгі таңда Орталықта Ресейдің барлық білім салалары бойынша 2400 данадан астам жаңа басылымдар ұсынылған.

   Ұлттық кітапхана қорына саясат, экономика, ғылым, мәдениет, өнер, тарих, тіл білімі, әдебиеттану, фольклор, энциклопедия, сөздік, көркем әдебиеттер секілді қазіргі заманғы ең таңдаулы 100 данадан астам кітап тапсырылады.

   Ұйымдастырушылар: ҚР Ресей Федерациясының Бас консулдығы, Шет елдердегі мәдени орталықтарды дамытуға көмек беру қоры, ҚР Ұлттық кітапханасы.

   Анықтама тел.: 267-28-48

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование