KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888191
2019 жылы:  21906
бүгiн:  1
қазiр:  63
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

25.01.2012

   2012 жылы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында белгілі ақын Жұмағали Саинның 100 жылдық мерейтойына арналған «Шыншыл да сыршыл ақын» атты кітап көрмесі ашылды.

    Көрме негізгі екі бөлімнен құралған.

   «Сұлу жыр таза көңіл» бөлімінде Жұмағали Саинның тұңғыш өлеңдер жинағы - «Бақыт жыры» (1937),  «Жорық жылдары» (1944), «Айғақ» (1948), «Алтай» (1950), «Жылдар» атты өлең жинақтары мен «Құнарлы күз» очерктері қойылды. Сонымен қатар, жазушының орыс классиктері А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтовтың және т.б. ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған аудармалары көрмеден орын алды.

   «Азамат ақын» бөлімінде  Әбділда Тәжібаевтың, Қасым Қайсеновтың,  Әди Шәріповтың, Мыңбай Рәштің және көптеген басқа да ақын-жазушылардың Жұмағали Саинның шығармашылығы туралы мақалалары мен арнаулары оқырман назарына ұсынылды.

   Жұмағали Саин (1912-1961) – қазақ ақыны, Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1930 жылы Петропавл педагогикалық техникумын, 1931 жылы Мәскеудегі түсті металдар және алтын институтының даярлық бөлімін, 1932 жылы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. 1932-1957 ж. Қарағанды  облыстық  халық  ағарту  мекемесінде қызметкер, «Жас алаш» газетінде бөлім меңгерушісі, 1932-1941 ж. Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет (қазіргі «Жазушы») баспасында  редактор  әрі  Қазақстан  Жазушылар  одағының жастар мен балалар әдебиеті секциясының меңгерушісі, Қазақтың  мемлекеттік  филармониясының, Республикалық халық шығармашылық үйінің  директоры, «Жаңа өмір» және «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») журналы редакторының орынбасары, 1960 жылдан  «Қазақ әдебиеті» газетінің  бас редакторы қызметтерін атқарған.

   КСРО-ның Еңбек Қызыл Ту орденімен және бірнеше  медальдармен  марапатталған.  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование