KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888115
2019 жылы:  21830
бүгiн:  1
қазiр:  43
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

23.01.2012

   2012 жылы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында  белгілі ақын, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ-станның еңбек сіңірген қайраткері Кәкімбек Салықовтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Кәкімбек Салықов поэзиясы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Көрме негізгі  екі бөлімнен құралған.

   «Қазақтың желқанатты жезкиігі»  бөлімінде Кәкімбек Салықовтың «Сыр», «Мәңгі шырақ»,  «Парасат сыры», «Шын жүректен», «Ойтолғақ» «Сырғалы сонеттер» сияқты көптеген өлеңдер жинағы қойылды. Сонымен қатар, ақының А.Пушкин,  В.В.Маяковский, Я.Колас, М.Д.Львов, В.Савельев т.б. ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударған аудармалары көрмеден орын алды.

   «Сезімге орап, бар сырын ашық айтқан» бөлімінде оқырман назарына Ғалым Жайлыбайдың, Тұманбай Молдағалиевтың, Әкім Таразидың, Серік Қирабаевтың және көптеген басқа да ақын – жазушылар-дың  Кәкімбек Салықовтың  шығармашылығы туралы мақалалары мен арнаулары  ұсынылды.

   Салықов Кәкімбек (1932) - ақын, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Мәскеудің түсті металлургия және алтын институтын бітірген (1955). 1955-1991 жылдары Жезқазған кенішінде кен мастері, Жезқазғанның кен металлургия комбинаты парткомының 1, 2-хатшысы, КОКП ОК аппаратында инспектор, Қарақалпақ облыстық партия комитетінің 1-хатшысы, КСРО Жоғарғы Кеңесінің Экология және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің  төрағасы қызметтерін атқарған.

   Қазақстан Республикасының «Парасат» орденімен, КСРО-ның Ленин, «Халықтар достығы», екі мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендері және  медальдарымен  марапатталған.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование