KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065517
2019 жылы:  131052
бүгiн:  1
қазiр:  112
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

02.02.2012

   2012 жылы 2 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің Мәдени өкілдігінің ұйымдастыруымен Иран Ислам Республикасы тәуелсіздігінің және Ислам революциясы жеңісінің 34 жылдығы мерейтойына арналған «Бүгінгі Иран» атты кітап және фото көрмесі ашылды.

   Аталған көрмеде оқырмандар назарына Иранның  елтану, тарих, мәдениет, әдебиет, дінтану және философия ғылымы саласындағы парсы, қазақ  және орыс тіліндегі  200-ден астам таңдамалы кітаптары,  бүгінгі Иранның ғылыми, әскери, технологиялық және медициналық жетістіктерін көрсететін  30-дан аса постерлер, сонымен бірге 1979 жылғы жеңімпаз Ислам Революциясы оқиғаларының  фотобаяны ұсынылған. Көрме экспонаттары арасында ұлы ойшыл әл-Фараби еңбектері туралы зерттеулер мен түсіндірмелер, шайырлар  Фердоусидің «Шахнаме»,  Саадидің «Гүлстан» атты мәңгілік шығармалары, Мұхаммад Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» және Ширин Байонидің «Тарих әл-Джалаири», 16-томдық Үлкен Ислам энциклопедиясы мен 13-томдық  Ислам Әлемі энциклопедиясы сынды кітаптары бар.

   Көрменің ашылу салтанатына  Иран Ислам Республикасының  Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сейфи мырза, қазақ-стандық ғалымдар, ирантанушылар, студенттер мен кітап сүйер қауым өкілдері қатысты.

    Көрме  ҚР Ұлттық кітапханасының көрме залында, 2 ақпаннан 16 ақпанға дейін ашық болады.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование