KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888170
2019 жылы:  21885
бүгiн:  1
қазiр:  56
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

08.02.2012

    2012 жылы 8 ақпанда,  ҚР Ұлттық кітапханасының  көрме залында «WikiBilim»  Қоғамдық қорының  ұйымдастыруымен Сreative Commons лицензияларын қазақстандық білім беру өкілдеріне, ғылыми және шығармашылық ортаға таныстыру семинары өтті.

   Семинарды «WikiBilim»  Қоғамдық  қорының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы жүргізді. Семинар барысында  Н.Уәли, Ә. Бөпежанова, О. Сәбден, т.б. шығармашылық адамдары қатысып, сөз алды.

    Creative Commons” (CC): шығармашылық туындыларды сандық нұсқада ашық және жария түрде таратуға және жасауға мүмкіндік беретін құқықтық, сондай-ақ техникалық инфрақұрылымды жасайтын, ұйымдастыратын және қолдау көрсететін, интернетте еркін ақпарат алмасуды дамытушы халықаралық қозғалыс.

    Creative Commons – шығармашылықпен айналысатын авторларға өз туындыларына қатысты құқықтарының бір бөлігін қоғамға беріп, қалған құқықтарды өзінде сақтап қалуға мүмкіндік беретін халықаралық лицензиялар топтамасы.

     Оның мақсаты – заңды түрде таратуға және пайдалануға болатын еркін шығармалар санын арттыру. Ұйым 2002 жылы «Creative Commons лицензиялары» атауымен бірнеше тегін лицензияларды жасап, жария етті. Аталған лицензиялар авторларға өздерінің авторлық құқықтарын оңтайлы басқаруға жол ашты. Атап айтқанда автор қандай құқықтардан бас тартқысы келетінін немесе қандай құқықтардың өзінде қалдырғысы келетінін көрсетуге мүмкіндік алды.

     Бүгінгі таңда бұл лицензиялар кең таралып, оны мемлекеттік мекемелер (АҚШ, Ресей, Мексика және т.б. мемлекеттер президенттерінің сайты), білім беру орындары (Массачусетс технологиялық институты және т.б.), ақпараттық (Al-Jaziira телеарнасы) энциклопедиялық (Википедия энциклопедиясы), картографиялық (Wikimapia) сайттармен қатар, музыка (Jamendo) және фотосуреттер  (Flickr) сайттары, сонда-ақ көпке танымал YouTube секілді интернет-жобалар пайдалануда. Соңғы мәліметтер бойынша, осы күнде әлем бойынша 580 миллионнан астам туынды Creative Commons лицензиялары негізінде таралған, оның 40 пайызынан астамы қоғамдық  игілікке өткен туындылар.

    СС лицензияларын  Қазақстан аумағында насихаттау жобасы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовтың тікелей қолдауымен жүзеге асуда. Жобаны іске асыру мақсатында ҚР Премьер-Министрі Мәдениет және ақпарат, Білім және ғылым, Әділет министрліктерінің бірлескен жұмысын қарастыратын іс-қимыл жоспарын бекітті.

   СС лицензиялары негізінде 20 астам қазақ әдебиетінің классиктерімен (авторлар немесе мұрагерлермен) авторлық келісімдерге қол қойылды. Олардың ішінде Мұхтар Әуезов, Бауыржан Момышұлы, Мұқағали Мақатаев, Ілияс Жансүгіров, Қалижан Бекхожин, Ғабиден Мұстафин, Қасым Аманжолов, Жұбан Молдағалиев, Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Шаханов, Фариза Оңғарсынова және т.б. бар.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование