KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888154
2019 жылы:  21869
бүгiн:  1
қазiр:  40
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.02.2012

   Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Бас директоры Г.Қ.Балабекова «Қазақстан – БҰҰ: ынтымақтастықтың 20 жылдығы» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы ынтымақтастық» атты баяндама оқыды. Конференция Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамына кіргеніне 20 жыл толуына арналған.

  Конференцияның модераторлары: И.И.Мусалимов, ҚР СІМ төрағалықтың жетекшісі, А.А.Ахметов, БҰҰ ХБД басқарма бастығы. Конференцияда ҚР Сыртқы iстер министрлiгiнiң, БҰҰ және Елшіліктердің өкілдері қатысты.

   Конференцияда БҰҰ мен Қазақстан ынтымақтастығының негiзгi кезеңдерi талқыланып Қазақстан Республикасының көпжақты дипломатиялық қатынастар шеңберiнде өзекті әлемдік мәселелерді шешуге қатысуының болашақ бағыттары айқындалды.

   Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен БҰҰ арасындағы көп жылдық ынтымақтастық туралы мәлiметтерді Г.К. Балабекова өз баяндамасында атап өтті. Осы ынтымақтастық нәтижесінде ҚР Ұлттық кітапхансында бес ең ірі халықаралық ұйымдар: Азиялық даму банкі (АДБ), Бүкіләлемдік банк (ББ), Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ), Ислам даму банкі (ИДБ) және Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Ақпараттық даму орталығы ашылды. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының ынтымақтастығы 1994 жылдан бастау алады. Бүгінгі таңда Ұлттық кітапхана қорында 3000-ға жуық БҰҰ мен ЮНЕСКО басылымдары сақтаулы. ҚР Ұлттық кiтапханасы мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы 18 жыл ішінде бірлесіп көптеген іс-шараларды өткізді:

   - Қазақстан Республикасында ақпараттық технологияларды дамыту, БҰҰ мен ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы қызметіне арналған семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар және тағы басқа іс-шаралар;

  - ЮНЕСКО-ның атаулы және мерейтойлық күндер күнтiзбесіне енгізілген қазақ халқының ұлы қайраткерлерiнiң мерейтойларын тойлау;

    - Қазақстан Республикасының мұрағаттары пен кітапханаларындағы жазба мұраны сақтау мәселесі бойынша семинарлар, конференциялар.

   Өзінің қорытынды сөзінде Г.К.Балабекова ҚР Ұлттық кітапханасының БҰҰ, ЮНЕСКО және тағы басқа халықаралық ұйымдарымен жемiстi байланыстарды әрі қарай дамытуға әрқашан дайын екендігін білдірді.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование