KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065654
2019 жылы:  131189
бүгiн:  1
қазiр:  27
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

29.02.2012

   29 ақпанда ҚР Ұлттық кітапханасы Қазақстанның және КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Тәжібайқызы Бағланованың 90 жылдығына орай еске алу кешін өткізді.

   Бұл кеш Ұлттық кітапханада жаңадан оқырман үшін құрылған «Інжу-маржан»  өнер  клубының ұйымдастырып отырған іс-шарасы.  Клубтың мақсаты - қазақ өнерін насихаттау, өнер қайраткерлерімен кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізу, сурет көрмелерін ұйымдастыру, шығармашылық байланыстар орнату және т.б. іс-шаралар.

   Іс-шара аясында Ұлттық кітапхана қорынан Халық әртісі Роза Бағланованың өмірі мен шығармашылығына арналған  «Ғасыр әншісі» атты көркемделген кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Көрмеде 150-ден аса әдебиеттер ұсынылған.

   Кешке белгілі әнші, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова, ақын Шөмішбай Сариев, Роза Бағланованың продюсері болған Қуаныш Абдихалимов, әнші Біржан Хасанғалиев, «Тарлан» тобы  және Роза Бағланованың жақындары, отбасы мүшелері қатысты.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование