KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888124
2019 жылы:  21839
бүгiн:  1
қазiр:  39
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

05.03.2012

   Әлемдік сандық кітапхана сайтында www.wdl.org./ru/search/gallery/?institution=national-library-of-kazakhstan ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан сирек кездесетін құнды құжаттар ұсынылды.

     Бұл сирек кітаптар мен қолжазбалар қорындағы 4 құжаттың  электрондық көшірмелері: Абай Құнанбаевтың шығармалары (СПб, 1909); екі қолжазба – Қожа Ахмет Ясауидің (XVIII ғ.) Рисаласы (Миратулкулуб) және Насаб-намасы (Қожа Ахмет Ясауидің ата-тегі жайында 1687/88); Бұқара, Хива және Қоқан хандықтарының және Түркістанның бір бөлігінің картасы (1875 ж.).

     Құжаттардың электрондық көшірмелері 2009 жылдың тамыз айында қол қойылған ҚР Ұлттық кітапханасы мен АҚШ Конгресі кітапханасының өзара ынтымақтастық жайындағы келісімшарт негізінде ұсынылды. Әлемдік сандық кітапхана Ғаламторда көп тілді форматта әлем елдерінің мәдениеті жайлы үлкен көлемдегі материалдарға тегін қол жетімділік мүмкіндігін туғызады. ҚР Ұлттық кітапханасының осы жобаға қатысуының арқасында әлемдік пайдаланушылар қазақ халқының мәдени мұрасы болып табылатын құнды құжаттармен танысуына мүмкіндік алады.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование