KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888183
2019 жылы:  21898
бүгiн:  1
қазiр:  56
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.03.2012

   ҚР Ұлттық кітапханасында Наурыз мейрамына арналған «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Наурыз мейрамы - халқымыздың ғасырлар бойы атадан балаға мұра болып келе жатқан дәстүрлі ұлттық мерекесі. Наурыз - береке-бірлік­тің, татулықтың, ерен еңбектің, жаңар­ған тіршіліктің ұлы символы.

   Көрменің мақсаты -  халқымыздың  ежелден желісі үзілмей жеткен салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ұлттық тағамдары, ұлттық киімдері мен ойындарын насихаттай отырып, дүние жүзіндегі түркітілдес, Иран, Үндістан, Ауғанстан және т.б. халықтардың наурыз мейрамын тойлау дәстүрлері туралы кеңінен ақпарат беру.

   Көрме  алты бөлімнен тұрады: «Наурыздың тарихы мен тағылымы», «Наурыз тағамдары», «Ұлттық киімдер», «Ұлттық  ойындар», «Наурыз мейрамына арналған бата, тілек, жыр-толғаулар, өлеңдер, әндер», «Дүние жүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі».

   Көрмеге ҚР Ұлттық кітапхана қорынан қазақ, орыс және түркітілдес халықтарының тілінде 1500-ге жуық басылымдар қойылды.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование