KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888150
2019 жылы:  21865
бүгiн:  1
қазiр:  37
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.03.2012

   20 наурызда ҚР Ұлттық кітапханасында «Қазақстандағы авторлық құқық» тақырыбында лекция өткізілді. Лекция кітапхана қызметкерлерін авторлық құқық саласындағы ұлттық заңнамамен таныстыру мақсатымен өткізілді, өйткені, электрондық қорды қалыптастыруға байланысты авторлық құқық өзекті мәселеге айналып отыр. Лекцияны «Абырой» авторлық қоғамының авторлық кеңесінің Төрағасы, «Камертон» журналының баспагері, заң ғылымдарының кандидаты Төлегенов Темірлан оқыды. Лектор авторлық-құқықтық қатынастарды реттейтін негізгі нормативті акт Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы №6-I (10.07.2009 ж. өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) Заңы болып табылатынын түсіндірді. Шара өткізілу барысында Т.Төлегенов электрондық кітапханалардың қызметінде авторлық құқықтардың сақталуы жайлы сұрақтарға жауап берді.

   Сонымен қатар, лектор «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 12 қаңтардағы  №537-IV ҚР Заң жобасына  енгізілген өзгерістер жайлы хабардар етті. Енгізілген өзгерістерге сәйкес,  электрондық цифрлық форматтағы туындылардың және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналарын алмастыруға, сақтауға, тасымалдауға одан әрі қол жеткізу үшін интернет-ресурстарды ұйымдастыру, құру арқылы елеулі залал келтірген авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалануды шектеу жауапкершілігі алдын-ала ескерілген. 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование