KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065247
2019 жылы:  130782
бүгiн:  1
қазiр:  21
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.03.2012

   ҚР Ұлттық кітапханасындағы Ақпараттық даму орталығының жұмысы шеңберінде 2012 жылы 15-16 наурызда Дүниежүзілік банкінің Орталық Азиядағы аймақтық өкілдігі, Алматы экономика және статистика академиясы және Инновациялық технологиялардың ғылыми орталығы бірлесіп «Дүниежүзілік банктің қызметі және Қазақстанның индустриялы-инновациялық саясаты» тақырыбында семинар өткізді.

   Қазақстандағы Дүниежүзілік банктің қызметі еліміздің орнықты экономикалық өсуі мен халықтың жағдайын жақсарту үшін Үкіметті қолдауға бағытталған. Оның айқын мысалының бірі ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен халық пен Үкіметтің күшімен жүзеге асырылып жатқан индустриалды-инновациялық саясаты болып табылады.

   Семинардың жұмысына ЖОО-ның оқытушылары мен студенттері, ғылыми мекемелердің қызметкерлері қатысты. Семинардан кейін қатысушылар үшін Ұлттық кітапхананың және  Ақпараттық даму орталығының қызметімен таныстыру экскурсиясы жүргізілді.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование