KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065559
2019 жылы:  131094
бүгiн:  1
қазiр:  139
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.03.2012

   Әлем әдебиеттері бөлімінде ағылшынның классик жазушысы Чарльз Джон Хаффем Диккенстің (Charles John Huffam Dickens; 1812—1870) 200 жылдық мерейтойына арналған кітап көрмесі ашылды. Көрме 2012 жылдың 6-шы ақпанынан 9-шы сәуірге дейін жалғасады.

Чарльз Диккенс 1812 жылы 7-ші ақпанда Портсмут маңайындағы Лендпорт қалашығында дүниеге келді. Диккенстің әкесінің 1824 жылы қарызданушылардың абақтысына түсуіне байланысты 12 жасар Чарльз мектепті тастап, фабрикаға жұмысқа шығуға мәжбүр болады.  Бірнеше жылдар бойы газет репортеры болып жұмыс істеген соң, Диккенс өзінің «Пиквик клубының жазбалары» атты сериалын жариялай бастады. Бірнеше айдан соң ағылшынның ең атақты жазушысына айналды. Оның 30 жылдық ғұмырында жазған романдары ерекше әйгілі болды. Ол керемет орындаушы болды, театрдан көрермендер үлкен әсер алып қайтатын. Диккенс қойылымдарына бар күш қуатын жұмсайтын, барлығы ол 470 қойылым өткізді. Ол ерте 58 жасында дүние салды.

   Кітап көрмесі үш бөлімнен тұрады: Көзі тірі кезіндегі жазбалары; Қайта басылған және орыс тіліне аударылған еңбектері; Өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттер. Ұлттық кітапхана қорынан көрмеге 1837-1857 жылдары шыққан мынандай басылымдар қойылды: Николас Николбидің өмірі мен басынан кешкендері / The Life and Adventures of Nicholas Nickleby (1839, 1843, 1869); Пиквиский клубының өлгеннен кейінгі хаттары» / The Posthumous Papers of the Pickwick Club (1842); Мартин Чезлвиттің өмірі мен басынан кешкендері / The Life and Adventures of Martin Chuzzlewit (1844); Прозадағы рождестволық ән / A Christmas Carol (1846); Домби және оның баласы / Dombey and Son (1847); Өмір шайқасы / The Battle of Life (1856); Кішкентай Доррит / Little Dorrit (1856-1857).

Құрметті оқырмандар! Сіздерді Чарльз Диккенстің шығармашылығына арналған кітап көрмесімен танысуға және оның әңгімелерін оқуға шақырамыз!!!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование