KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065253
2019 жылы:  130788
бүгiн:  1
қазiр:  27
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

11.04.2012

    11 сәуір сағ. 11.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Санат» баспасынан жарық көрген Шәмсия Қалжанованың «Қалжан Ахун» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

    Тұсаукесерде Қызылорда облыс әкімінің кеңесшісі және орынбасары Ержан Уәйіс, облыс әкімдігінің бас инспекторы, жазушы Бегімбай Ұзақбай, Сырдария ауданының әкімінің кеңесшісі Сәбит Отызбай, кітаптың аудармашысы Қайсар Жорабеков, М.Әуезов атындағы Өнер және әдебиет институтының бөлім меңгерушісі, филология ғылым­дарының кандидаты Серікбай Қосан, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институ­тының ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Ғалия Қамбарбекова және  т.б. кітап туралы ойларын ортаға салып, өз пікірлерін білдірді.

   Тұсаукесердің бастамашылары - Қалжан Ахунның шөберелері, Шамсия Қалжанова­ның қыздары медицина ғылымдарының докторы Испанова Жанат Бақытқызы және заң ғылымдарының кандидаты Испанова Гүлнәр Бақытқызы.

  Іс-шараға Қызылорда облысынан арнайы келген өкілдері, белгілі ғалымдар, Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттері, республикалық, жоғары оқу орындарының кітапханашылары мен оқырмандары қатысты.

   Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасына, Алматы қаласының кітапханаларына және қонақтарға жаңа басылым сыйға тартылды.

                             

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование