KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888177
2019 жылы:  21892
бүгiн:  1
қазiр:  61
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

05.04.2012

   2012 жылы 5 сәуірде сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапхана­сында Әбсаттар қажы Дербісәлінің бастамасымен жарық көрген «Мирза Мухаммад Хайдар Дуглат в персидских источниках» және «Хибатулла ат-Тарази и его духовное наследие» атты кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

     Шараны Қазақстан Мұсылман Діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Сыздықұлы жүргізді.

   Шарада Бас мүфтидің орынбасары, шейх Мұхаммед Хусейн Алсабеков баяндама жасап, Қазақстан Мұсылман Діни басқармасының аппарат басшысы Балғабек Әбдіқайымұлы Мырзаев, теология ғылымдарының докторы Мұхитдин Исаұлы бұл еңбектер туралы ойларын ортаға салды. Ұлттық кітапхананың қорына сыйға тартылған ғылыми еңбектер жайлы ғалымдар да өз пікірлерін білдірді. Бұл еңбектер қазақстандық білікті шығыстанушы, дінтанушы, әдебиет зерттеуші, ғалым, жазушы, филология ғылымдары­ның докторы, Қазақстанның Бас мүфтиі шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің көп жылдар бойы жүргізген зерттеуінің нәтижесі.

    ҚР Ұлттық кітапхананың Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорының жетекшісі Н.М. Асқарбекова сирек кітаптар қоры туралы мәлімет беріп, болашақта Шығыс халқының тарихи-мәдени мұраларын зерттеуге, анықтауға жас ғалымдарды шақырды.

    Тұсаукесерге Алматы қаласы мешіттерінің Бас имамдары мен белгілі ғалымдар,  «Нур-Мубарак» Ислам университетінің студенттері, республикалық, жоғары оқу орындарының кітапханашылары мен оқырмандары  қатысты.

     Іс-шараның аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Ә.Дербісәлінің шығарма­шылығына арналған «Ұстаз. Ғалым. Қайраткер» атты кітап көрмесінің басылымдары оқырмандардың сұранысына ие болды.

       Бұл жаңа басылымдар Алматы қаласының кітапханаларына сыйға тартылды.

 

                       

 

                   

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование