KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065393
2019 жылы:  130928
бүгiн:  1
қазiр:  32
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

02.04.2012

    2012 жылдың 2 сәуірінде Ресейлік-Қазақстандық «Шекарадағы кездесулер» мегажобасы аясында С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық  әмбебап ғылыми кітапханасында on-line тәртібінде «Кітапхана мәдениеттер диалогында» тақырыбында халықаралық веб-семинар өтті.

    Халықаралық веб-семинар С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық  әмбебап ғылыми кітапханасының, Б.Н.Ельцин атындағы Президенттік кітапханасының  (Санкт-Петербург қ.), Новосібір Мемлекеттік облыстық ғылыми кітапханасының, А.С.Пушкин атындағы Омбы Мемлекеттік облыстық ғылыми кітапханасының, Ф.И.Тютчев атындағы Брянск облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының, Д.И.Менделеев атындағы Тюмень  облыстық ғылыми кітапханасының және Иркутск облыстық мемлекеттік әмбебап ғылыми кітапханасы мамандарын виртуалды біріктірген «Кітапхана мәдениеттер диалогында» тақырыбындағы халықаралық веб-семинар  «Омбы мәдениеті: шекарасыз әлем» аймақтық көрмесінің іскерлік бағдарламасы аясында өткізілді.

    Веб-семинардың мақсаты – кітапханалардың ресурстық мүмкіндіктерін көрсету, тәжірибе алмасу мен іскерлік әрекеттестіктің жаңа түрлерін қарастыру.

     Талқылауға екі негізгі тақырып алынды:

•  «Кітапхана – мәдениетаралық коммуникациялар кеңістігі»: мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық басымдықтарының бірі ретінде шекара маңындағы этноаралық және ұлтаралық қарым-қатынасты дамыту мен нығайтудағы  кітапханалардың ресурстық мүмкіндіктері мен тәжірибелері.

 •  «2012 – Ресей тарихы жылы»: Б.Н.Ельцин атындағы Президенттік кітапхананың электронды құжаттардың тақырыптық топтамаларын қалыптастыру және ресей тарихының атаулы күндері мен мерейтойларына арналған шаралар өткізу қызметі: Ресей мемлекеттілігінің 1150 жылы; Патшайым Екатерина ІІ-нің басқарғанына 250 жыл, П.Столыпинге 150 жыл, 1812 жылғы Отан соғысының 200 жылдығы. 

Бастамашылар: Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы;
                                          А.С.Пушкин атындағы Омбы Мемлекеттік облыстық ғылыми кітапханасы.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование