KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888212
2019 жылы:  21927
бүгiн:  1
қазiр:  57
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

10.04.2012

     Әлем әдебиеті бөлімінде орыс ақыны Белла Ахмадулинаның 75 жылдық мерейтойына арналған кітап көрмесі ашылды.

     Белла (Изабелла) Ахмадулина (10.01.1937 – 29.11.2010) – ақын, жазушы, аудармашы, ХХ ғасырдың екінші жартысындағы ірі орыс лирикалық ақындарының бірі, Ресей Жазушылар Одағының, Орыс ПЕН-орталығының атқару комитетінің, А.С.Пушкин атындағы Бейнелеу өнері музейінің Достары Қоғамының, Американың өнер және әдебиет академиясының Құрметті мүшесі, Ресей Федерациясының және КСРО-ның Мемлекеттік сыйлықтарының иегері.

     Өлеңдерін мектеп кезінен жаза бастады, ЗИЛ жанындағы әдеби бірлестікте ақын Е.Винокуровтан сабақ алды. Мектепті тәмәмдаған соң, А.М.Горький атындағы Әдебиет институтына оқуға түсті.

     Б.Ахмадулинаның лирикасының басты тақырыптарының бірі достық болып табылады. Достықты, атап айтқанда, достық-махаббат пен достық-шығармашылықты адамзаттың ең күшті сезімдерінің бірі деп есептеді. Б.Ахмадулинаның өлеңдерінің кейіпкерлеріне А.Пушкин мен М.Цветаевадан бастап, оның өз достары мен замандастары А.Вознесенский және Б.Окуджава сияқты орыс ақындары айналды. Ол көптеген әлемдік деңгейдегі ақындар фестивальдеріне қатысты.

    40 жылдан асқан шығармашылық жолында Б.Ахмадулина көптеген халықтардың әдебиеттерінің жақындасуына көп еңбек сіңірді. Оның классикалық және қазіргі заман ақындарынан, сонымен бірге еуропалық және америкалық ақындардан жасаған аудармалары (грузин, армян, қазақ және т.б) әдеби орталарда лайықты түрде жоғары бағаланды.

   Б.Ахмадулина әлем әдебиетінде өте жоғарғы деңгейдегі беделге ие болды. Бұған ол жазған шығармалар және оқырмандардың  оның шығармашылығына  деген жылдар бойғы өшпес қызығушылығы дәлел бола алады.

   Көрмеде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан автордың өлең жинақтары,  шет елдік авторлардың өлеңдерінің аудармалары («Нечаяние», «Сад», «Сны о Грузии», «Зимняя замкнутость») және оның шығармашылығы туралы әдеби - сын мақалалар берілген.

   Құрметті оқырмандар! Сіздерді Белла Ахмадулинаның шығармашылығына арналған кітап көрмесімен танысуға шақырамыз.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование