KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065565
2019 жылы:  131100
бүгiн:  1
қазiр:  121
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.04.2012

20 сәуір сағ. 11.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Ж.Тәшеневтің азаматтық ерлігі және қазіргі патриоттық тәрбие» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.

Іс-шараны Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбжанов Хангелді Махмұтұлы жүргізді.

Тұсаукесерде академик Аманжол Қошанов, Ұлы Отан соғысының ардагері, қоғам қайраткері Сатыбылды Тотанов, Ж.Тәшенев туралы кітап жазған жазушы Кәрішал Асан Ата, белгілі журналист Мейрам Байғазин және т.б.қоғам қайраткерлері Жұмабек Тәшеневтің өмірі мен қызметіне жан-жақты тоқтал­ып, өз пікірлерін  білдірді.

Шараға белгілі ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Ж.Тәшеневтің жанұясы, Алматы қаласының кітапха­нашылары қатысты.

Іс-шара барысында ҚР Ұлттық кітапханасына, Алматы қаласының кітапханаларына және келген қонақтарға жаңа кітап сыйға тартылды. 

                                  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование