KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888213
2019 жылы:  21928
бүгiн:  1
қазiр:  58
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.04.2012

   Камал Смайылов Сейітжанұлы (1932-2003) Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Сарлық ауылында дүниеге келген. 1954 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-нің (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. Еңбек жолын «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі болып журналистік қызметтен бастаған.

   К.Смайылов республиканың қоғамдық-саяси өмірінің дамуына елеулі үлес қосты: Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің хатшысы (1962-1964), «Қазақфильм» киностудиясының директоры (1965-1971), Қазақ КСР Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы (1973-1977),  Қазақ КСР Министрлер Кеңесі мәдениет бөлімінің меңгерушісі (1977-1980), Қазақстан журналистер Одағының төрағасы (1990-2001),  Қазақстан журналистер Одағы Кеңесінің төрағасы (2001-2003) т.б. қызметтерін атқарды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (Қазақстан Журналистер одағынан, 1991) болып сайланған.

   Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, екі рет «Құрмет Белгісі» орденімен және «Алтын адам» белгісімен марапатталған (2001).

   К.Смайыловтың шығармашылық қызметі Қазақстанның тәуелсіздігінің қалыптасуы мен нығаюына байланысты тарихи оқиғаларға, ядролық полигон мәселелері мен космонавтикаға, сондай-ақ Қазақстанның кино өнері мен телевидениесінің дамуына арналған.

  Кітап көрмесі екі бөлімнен: жазушының өмірі мен шығармашылығынан  тұрады. Көрмеде К.Смайыловтың еңбектері: «Сенің бақытың» (1960), «Жолданбаған 27 хат» (1992), «Елім саған айтам, ел басы, сен тыңда!» (1998), «Жеті қыр бір сыр» (2000), үш томдық шығармалар жинағы (2003-2004) т.б. ұсынылған.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование