KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888140
2019 жылы:  21855
бүгiн:  1
қазiр:  34
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

25.04.2012

   25 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасының фойесінде 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі  мерекесіне орай кең ауқымды «Қазақстан халықтарының бірлігі» атты кітап көрмесі ашылды.

   Қазақстан жерінде 140 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Әр этностың өзінің қайталанбас, рухани және материалдық мәдениеті, өз тарихы, дәстүрі мен әдет-ғұрыптары бар. Әр этносқа тән белгі – олардың тұрақтылығы, ішкі бірлігі. Республикада ұлтаралық келісім, тұрақтылық сақталып, қоғамның әрі қарай нығаю саясаты жүргізілуде. Қазақстан халықтары Ассамблеясы - көпұлтты Қазақстан жұртының жаңа даму кезеңіне сай дүниеге өзіндік ерекшілігі бар құрылым. Еліміздегі барлық ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениетін және салт-дәстүрін дамытуға, олардың рухани сұранысын қамтамасыз етуге бағытталған мәдени іс-шаралар жүзеге асырылуда.

   Көрмеде 1 000-нан астам қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде басылымдар ұсынылған. Бұл материалдар Қазақстанда тұрып жатқан халықтардың ынтымақтастығы мен келісімін, рухани және әлеуметтік өмірінің өзіндік ерекшеліктерін көрсетіп, әрбір этностың адамзат өркениетінің қазынасына қосқан үлесі жайлы баяндайды.

   Көрмеде Қазақстан туралы кітаптар мен альбомдар, Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиясы мен Ережелері туралы ҚР Президентінің Жарлығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ҚР заңы, барлық ұлттар мен азаматтарға жан-жақты дамуға, өмір сүру мен жұмыс істеуге лайықты және тең жағдай жасауға кепілдік беретін Қазақстан Республикасының Конституциясы ұсынылған. Қазақстан халқы Ассамблеясының қызме­ті,  Кіші Ассамблеяның материалдары және Дүниежүзілік қазақтар Ассоциациясы­ның  материалдары көрнекі түрде  қойылған.

   Көрменің әрбір бөлігі қазақ, орыс, украин, корей, неміс, ұйғыр халықтарының және Қазақстан жерінде тұрып жатқан басқа да ұлттардың тарихын, салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын көрсетеді.

    Кітап  көрмесін көруге шақырамыз!!!

    Байланыс тел.:  267-28-66.

                                       

                                       

      

        

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование