KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888203
2019 жылы:  21918
бүгiн:  1
қазiр:  59
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

03.05.2012

   3 мамыр сағ.15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында қазақтың әйгілі әншісі, қазақ опера өнерінің негізін қалаушысы, Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі, КСРО Халық әртісі Күләш Байсейіто­ваның 100 жылды­ғына орай музыкалық кеш өтті. Бұл кеш Ұлттық кітапханасының Өнер бөлімі жанындағы «Інжу-маржан» клубы аясында ұйымдастырылды.

   Кешті белгілі жазушы Бексұлтан Нұржекеұлы жүргізіп, Күләш Жасынқызы туралы естеліктер айтты. Келген қонақтар ән айтып, өнер көрсетті.

   Кешке Қазақстан Республикасының халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов, мемлекеттік Абай атындағы опера және балет театрының опера әншілері: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, К.Байсейітова атындағы республикалық байқауының лауреаты Рымкеш Жұмаділова, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Талғат Күзембаев, эстрада және дәстүрлі әншілер Құрманбек пен Риза, К.Байсейітов атындағы республикалық дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыка мектеп-интернатының скрипкашылар ансамблі өнер көрсетіп, көпшілік қауымды паш етті.

                                  

                                   

 

 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование