KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888143
2019 жылы:  21858
бүгiн:  1
қазiр:  34
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

08.05.2012

    2012 жылдың 8 мамырында сағат 12.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Ex Libris компаниясы шығаратын ақпараттық-кітапханалық өнімдерінің тұсаукесері  өтті.

   Тұсаукесерде Ex Libris компаниясының өкілдері Енрике Пенц (Германия), Сергей Доценко (Украина) қатысушыларды Primo жүйесімен – кітапхананы пайдаланушылар үшін іздеу мен жеткізу шешімі және Aleph жүйесі – автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесімен (АБИС) таныстырып, осы жүйелер және Ex Libris компаниясының басқа өнімдері жайындағы сұрақтарға жауып берді. Іс-шараға ұлттық, республикалық, қалалық кітапханалар, жоғары оқу орындарының кітапханаларының мамандары қатысты.

   Қазіргі кезде кітапханалар ақпараттың әр алуандығы және оның көлемінің тез өсуіне байланысты қиындықтарға кездесуде. Пайдаланушылардың қажетті ақпаратқа жылдам және оңай қолжетімділік талабының өсуі кітапханалардың өз ресурстарының тиімділігіне деген талабын күшейтеді.

   Aleph, Primo жүйелері кітапханалардың талаптарына сәйкес және оларға қажет икемділік пен жұмыстың тиімділігіне ие. Aleph жүйесінің ашықтығы басқа жүйелермен оңай және кедергісіз байланыс орнатуына мүмкіндік береді. Primo – бұл іздеу мен жеткізу жүйесі Aleph-тен басқа да көп мөлшердегі АБИС-термен үйлесімді. Ол бүкіл әлем бойынша шағын кітапханадан бастап ұлттық кітапханаға дейінгі 860-тан астам ұжымдарда құрылған. Жүйе оқырмандарға бір мезгілде бірыңғай пайдаланушылардың интерфейсінде оның түрі мен орналасуына тәуелсіз кітапхананың барлық ресурстарында іздеуге  мүмкіндік береді.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование