KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065155
2019 жылы:  130690
бүгiн:  1
қазiр:  31
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

07.05.2012

   ҚР Ұлттық кітапханасының Көрме залында 9 мамыр - Жеңіс күніне арналған  «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады» тақырыбында кітап көрмесі ашылды.

   Ұлы Отан соғысының жеңісіне биыл 67 жыл толып отыр. Бұл  сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Жеңіс күні  біздің баршамыз үшін халқымыздың жанқиярлық ерлігімен, ер жүректілік пен төзімділіктің және каһармандықтың символы.

   Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар: Бауыржан Момышұлы, Сағадат Нұрмағамбетов, Әди Шәріпов, Қасым Қайсенов, Жұмағали Саин және тағы басқалар, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған төрт біздің ұшқыштар Талғат Бегельдинов, Иван Павлов, Леонид Беда, Сергей Луганский. Аты аңызға айналған ұшқыш-штурмовик Талғат Бегельдинов бізбен бірге Жеңіс күнін қарсы алуда.

   Екінші дүниежүзілік соғыста Шығыс халықтарының қыздарынан Кеңес одағының Батыры атағын алған екі қыз бар. Олар қазақтың қыздары, снайпер Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова.

   Кітап көрмесі кең ауқымды 4 бөлімнен тұрады. «Қазақстан отты жылдарда», «Отан үшін, ел үшін», «Қазақтың қос шынары», «Қаһарман ұрпаққа тағзым». Көрмеде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың үлесі, олардың батырлық ерліктері туралы материалдар ұсынылған.

   Кітап  көрмесін көруге шақырамыз!

    Байланыс тел.:  267-28-66.

                                        

                                                     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование