KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888165
2019 жылы:  21880
бүгiн:  1
қазiр:  51
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.05.2012

    Мерзімді басылымдар бөлімінде  Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, соғыс және еңбек ардагері, журналист Мұса Бөкенбайұлы Дінішевтің   100 жылдығына орай «Мәдениетке арналған ғұмыр» атты көрмесі ашылды.

    Дінішев Мұса Бөкенбайұлы  (1912-2002)   1930 жылы Ақтөбе қаласындағы педагогикалық  техникумды бітірген. Еңбек жолын сол жылы аталмыш оқу орнында оқытушылық қызметтен  бастаған. 1932-1941 жылдары  «Лениншіл жас» газеті редакциясында бөлім меңгерушісі,  Қазақ радиокомитетінің редакторы қызметтерін атқарған. 1941-1945  жылдары елді қорғауға аттанып,  қазақ тілінде шығатын майдандық газеттерде тілші болып істеді. 1947-1958 ж. «Қазақфильм» киностудиясы сценарий бөлімінің бастығы, «Учпедгиз» директоры,  т.б. жауапты қызметтерде,  1958-1976  ж .  «Мәдениет және тұрмыс» журналының негізін қалаған алғашқы редакторы, бас редакторы қызметтерін атқарған. Соғыстан өңіріне  КСРО – ның “Қызыл жұлдыз”,  ”2-дәрежелі отан соғысы” ордендері мен бірнеше медальдармен марапаттады. 

   Көрме екі бөлімнен тұрады.  Бірінші бөлімде  қаламгердің мерзімді басылымдар бетіне жарияланған еңбектері қамтылған. Екінші бөлімде  Мұса Бөкенбайұлы туралы жазылған естеліктер мен оның еңбек жолы туралы  мақалалар ұсынылған.

    Мұса Дінішевтің ұлдары  Фархат Мұсаұлы мен Әлібек  Мұса ұлы  көрмені тамашалады.  

                                                     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование